Г.Головкин: 2 аптадан соң жанкүйерлеріме тағы бір нокаут сыйлатын мүмкіндікті асыға күтіп жүрмін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтетін АҚШ боксшысы Доминик Уэйдпен жекпе-жекке қызу дайындалуда, деп жазады Sports.kz.

«Буум! Екі аптадан кейін жанкүйерлеріме тағы бір нокаут сыйлайтын мүмкіндікті асыға күтіп жүрмін», деп жазады GGG өзінің Твиттердегі жеке парақшасында. 

Ол осы жазбасының соңына австралиялық боксшы Д.Гилді сұлатып түсірген видеосын да салған.