Г.Головкин Майк Тайсонның рекордынан асып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі жеңісінен кейін, Геннадий Головкиннің қоржынында қатарынан, үзіліссіз 20 нокаут бар. Бұл жеңісімен ол 19 рет қатарынан нокаут жасаған «темір» Майктан асып кетті, деп жазады Sports.kz.

Еске сала кетейік, бүгін Геннадий Головкин Калифорнияда америкалық боксшы кіші Вилли Монроны техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл - қазақстандық боксшының кәсіби шаршы алаңдағы 33-ші жеңісі және мерейтойлық 30-шы нокауты.