Айта кетейік, бұған дейін Уорд Г.Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін, бірақ қарсыласының қашып жүргенін айтқан еді. Осыған орай қазақ боксшысының промоутері бұл жайдың мәнін ашып беруге тырысты.
«Ең алдымен Уорд басқа дивизонда жұдырықтасады, ол - супер орта салмақтағы боксшы. Сондықтан да өз дивизоныңда болмаған боксшыдан қашу өте қиын. Иә, Геннадий егер айрықша жекпе-жек болатын болса, онда жоғары категорияға көтерілгісі келетінін айтқан еді. Мен Геннадиймен жұдырықтасудан қашатын орта салмақтағы көптеген боксшылардың бар екенін айта аламын. Дегенмен, Уордпен жекпе-жек - өте қызықты нұсқа», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 26 шілде күні Г.Головкин Нью-Йоркте келесі кездесуін өткізеді. Оның қарсылысы - әлемнің экс-чемпионы авcтралиялық Дэниэл Гил.