Жекпе-жек сенбі күні, 10 желтоқсанда өтті және небәрі 2 минуттан сәл астам уақытқа созылды. Л.Саймон шабуыл кезінде сол жақтан берілген қатты соққыдан нокаутқа түсті. Рефери санап біткенше американдық орнынан тұра алмады.
09:28, 12 Желтоқсан 2011
Г.Головкин WBA бойынша орта салмақта Л.Саймонды бірінші раундта нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы атағын қорғап қалды
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 29 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин бірінші раундта 32 жастағы американдық Лахуан Саймонды нокаутпен жеңіп, атағын қорғап қалды, деп хабарлады Sports.kz.