Г.Головкинге сәттілік тілеген Астана тұрғындары «GGG» жазуын жазды (ВИДЕО, ФОТО)
20:08, 16 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қазан күні Нью-Йоркте жылдың ең үлкен жекпе-жегі - WBA/WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Давид Лемье арасындағы бокс өтеді. Жерлесіміз Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін бүгін таңертең елорда тұрғындары жүгіріп, арнайы акция ұйымдастырған.
«Бүгін таңғы сағат 07.00-де BI Group компаниясының бастамасы бойынша алдағы жекпе-жекте Геннадий Головкинді қолдау үшін бұқаралық жүгіру акциясы өтті. Таңғы суыққа қарамастан 500-ге тарта елорда тұрғыны акцияға қатысты. Акция соңында елорда тұрғындары «GGG» деген жазу жазып, жерлесіміз Геннадий Головкинға сәттілік тіледі»,-делінген «BI Group» компаниясының ақпаратында.