«Мен Головкинмен 2001 жылы Осакада Шығыс Азия ойындарында жұдырықтасқанмын, - деп атап айтты Гил. - Ол мені ұпай бойынша жеңген. Головкин - өте қауіпті спортшы. Жақында ол британдық Мэттью Маклинді сұлатты. Мен ұзақ әрі тартысты күрес болады деп ойладым, бірақ Головкин оны үшінші раундта есеңгіретті. Қазіргі сәтте орта салмақтағы боксшылардың барлығы одан сескенеді. Бірақ мен онымен жұдырықтасуға дайынмын».
Гил 30 жастағы британдық Даррен Баркерге қарсы өзінің келесі жекпе-жегін АҚШ-та 17 тамызда өткізетінін естеріңізге сала кетейік. Ал Г. Головкин, өз кезегінде, рингке соңғы рет 30 маусымда шыққан. Дәл сол кезде ол Маклинді сұлатқан. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.