Г. Головкиннің 2 нокауты 2013 жылғы ТОП-20 нокауттар тізіміне енді

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 2 нокауты TheTrueChamp.Com порталы түзген 2013 жылғы ТОП-20 нокауттар тізіміне енді, деп хабарлады Vesti.kz.

Дүниежүзілік рейтингтің ең басында Головкин мен Мэттью Маклин арасындағы жекпе-жек тұр. Есте болса, біздің боксшы үшінші раундта қарсыласын бауырынан ұрып, бүк түсірген еді. Ауыр соққыдан есеңгіреген британиялық бірнеше минут ес жия алмай қалған болатын. Головкиннің жапондық Нобухиро Ишидоны сұлатқан келесі нокауты аталған рейтинг үштігін қорытындылап тұр. Қазақстан спортшысы бұл жекпе-жегін де үшінші раунда аяқтаған болатын.