TV-Markaz, NTT және SOFTS телеарналары дүйсенбі, 21 қазанда күндіз хабар таратуды дереу тоқтатқан.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Каримова бақылауда ұстайтын тағы бір телеарна - Forum TV де 21 қазаннан бері елдің кейбір аймақтарында хабар таратпай тұр.
TV-Markaz телеарнасының өкілі телеарна мен оған еншілес SOFTS-тың жұмысы "техникалық жөндеу жұмыстарына байланысты" тоқтатылғанын айтты.
Аталған телеарналарда Гүлнара Каримованың бизнесін насихаттайтын көптеген бағдарламалар бар, деп хабарлайды "Азаттық".