«Мен газет-журнал, телеарналарды үзбей оқып, көріп отырам. Сонда байқағаным, Сіз сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарыңызда өзекті мәселелерді көтеріп келесіз. Солардың бірі, атом энергиясына қатысты жұмыстарыңыз. Бүгінде Сіз белсенді үміткерлердің бірі болып тұрсыз. Осы тұста менің сұрайын дегенім: кезектен тыс сайлауды өткізудің себебі неде?» - деді Франция Республикасының Елшісі.
Сенатор Ғани Қасымов бұл жағдайға былайша түсініктеме берді: «Президенттің құзырын 2020 жылға дейін ұзартуға байланысты президенттік және биліктің заң шығару саласы арасында дағдарысты жағдай туындады. Осыған байланысты кейбір қайшылықтар орын алып, Елбасы ҚР Парламентін таратып алмас үшін кезектен тыс сайлау өткізуді қолға алды».
Сондай-ақ сенатор Францияның ҚР-дағы Елшісімен өзінің сайлау алдындағы бағдарламаларын талқылады. Жан-Шарль Бертонэ бағдарламада қамтылған мәселелерді қолдайтынын айтты.