Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Бас банкирдің айтуынша, 2012 жылдың нәтижесі бойынша, Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері, негізінен, Ұлттық қордың активтерін толықтыру мақсатында валюталарды сату есебінен 27,7 млрд. долларға немесе 3,6 пайызға азайды. Таза валюталық қорлар 12,3 пайызға төмендеп, алтындағы активтер жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтарда оның бағасының (5,4 пайызға) өсуі нәтижесінде 48,7 пайызға артты. Ақша базасы 1,9 пайызға кеңейіп 2889,9 млрд. теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3,3 пайызға 2831,0 млрд. теңгеге дейін өсті.