Г.Марченко ағымдағы жылы әлемдік нарықта қандай да бір оқыс жағдайлар болмаса, инфляция 6 пайыз деңгейінде болады деп бағалауда
Бұл туралы Қазақстанның Бас банкирі Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша, инфляция наурызда 0,3 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде ол 0,5 пайызды құраған болатын. Алғашқы тоқсанда инфляция 1,1 пайыз болды. 2011 жылы қаңтар-ақпанда ол 3,7 пайызды құраған еді.
«Наурызда инфляция жылдық көрсетуде 4,6 пайыз болды. Бұл соңғы 13-14 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Үкімет ең алдымен, жанар-жағармай мен тариф бағасын өсірмеді. Екінші тоқсанда олар көтерілетін болса, бұл инфляция деңгейіне әсер етеді», - деді Г.Марченко.
Оның айтуынша, Ұлттық банктің инфляция көрсеткішінің 3 жылдық орта мерзімге жасаған 6-8 пайыз деңгейіндегі болжамы өзгермейді. Қазіргі ағымды бағалау бойынша үстіміздегі жылы ол 6 пайзы деңгейінде болуы мүмкін.