Г. Марченко орталық банктердің ең үздік басшыларының қатарына енді

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко орталық банктердің ең үздік басшыларының әлемдік тізіміне енді. Бұл туралы КТК хабарлады.

"Global Finance" журналы 50 елдің Орталық банктері басшыларының рейтингісін жасады. Тізімді жасаушылар банкирлердің инфляцияны бақылау, экономикалық өсім, валютаның тұрақтылығы және проценттік үстемені басқару сынды бағыттардағы жетістіктерін ескерді.

Авторлар Қазақстан Ұлттық банкі басшысының жұмысын «В »-ке бағалады. Бұл бағаға сәйкес, Марченко өзінің Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ-тағы әріптестерінен озық шықты. Айта кетейік, бұл Марченконың мұндай рейтингтерде алғаш көрінуі. Жоғары «А» балын Израиль, Австралия, Канада, Малайзия, Филиппин және Тайвань орталық банктерінің басшылары алды.