«Әлемдік қаржылық архитектура мен негізгі әлемдік валюталардың келешегі» тақырыбын арқау еткен форумға еуропалық елдердің орталық банктері мен АҚШ-тың федеральдық резервтік жүйесінің басшылары, ірі трансұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Форумды Чех Республикасының премьер-министрі Ян Фишер ашты. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, форум жұмысына Қазақстанның атынан Ұлттық банктің басшысы Григорий Марченко қатысты.
Қазақстанның бас банкирі форумға қатысушыларды Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралармен және экономиканың банк секторындағы ахуалмен, еліміздің экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.
Чехияның Орталық банкі мәдениент, білім және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі «Комениус» панеуропалық қоғамымен бірлесіп ұйымдастырған Еуропалық банктердің қаржылық форумы Орталық Еуропа мен ТМД елдері қаржы институттары басшыларының қатысуымен өтетін ірі іс-шаралардың бірі.