Г.Маргвелашвили ресми түрде Грузия президенті қызметіне кірісті

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Георгий Маргвелашвили ресми түрде Грузия президенті қызметіне кірісті, деп хабарлады РБК.

Тбилисиде өткен ұлықтау салтанатының барысында ол ант берді, одан кейін елдің әнұраны орындалды, деп хабарлады «Россия 24» телеарнасы. Сондай-ақ Г.Маргвелашвили Грузия қарулы күштерінің бас қолбасшысы ретінде әскери шеруді қабылдады.

Ұлықтау салтанатына Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили, бүкіл Грузия патриархы - католикос, әлемнің 53 елінің өкілдері қатысуда.