Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында жаңа қойылымның премьерасы болды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында «Аждаһаның әлегі» атты балаларға арналған музыкалық ертегінің премьерасы болды,

   деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл музыкалық ертегі ақын, драматург Иран-Ғайыптың  шығармасы бойынша қойылған. Қоюшы режиссері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сағызбай Қарабалин.

 Қойылымда жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, тазалық пен пасықтықтың, адалдық пен арамдықтың ара жігі айқасқа түсетіндей. Кейіпкерлер де аждаһа, тас, түйе, бала, маймылдар, ит секілді бір-біріне кереғар жаратылыс иелері.