АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғани Нығметов «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды.
«Достар! Бүгін менің Орталықтағы соңғы жұмыс күнім. Үш жылдың ішінде біраз жұмыс атқарылды, өзіңіз куə болдыңыз. Ұжымыма үлкен алғысымды білдіремін! Алдымыздағы алатын жаңа шындарымыз одан да биік болсын деп тілеймін!» - деп жазды ол.
Сонымен қатар Ғ.Нығметов Халықаралық бағдарламалар орталығына 3 жыл 2 күн басшылық жасағандығын да атап өткен.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.