Жарыстың негізгі кезеңіндегі 2-ші раундта Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 82-ші сатыда тұрған қазақстандық спортшы 5-ші орында орналасқан неміс қызы Анжелик Керберге 2:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Галина бірінші раунда бельгиялық Янина Виксмайерден (3:6, 7:6, 6:2), ал дәрежелік кезеңде голландиялық Аранта Русты, американдық Коко Вандевегті және ресейлік Ольга Пучкованы жеңген болатын.
13:46, 08 Қаңтар 2013
Г.Воскобоева әлемнің бесінші ракеткасы А. Керберден жеңіліс тапты
АЛМАТЫ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Австралияның Сидней қаласында өтіп жатқан 121-ші «Apia International Sydney» турниріндегі жекелей сынды аяқтады.