10:09, 06 Қыркүйек 2013
G20 саммитінің екінші күні жұмыссыздықпен күрес мәселесіне арналады
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Санкт-Петербор қаласында G20 саммитінің соңғы екінші жұмыс күні өтеді. Оның қорытындысы бойынша әлемнің жетекші мемлекеттері арнайы декларацияны қабылдайды.
«Россия - 24» телеарнасы хабарлағандай, бүгін G20 саммитіне қатысушы мемлекеттер жұмыссыздық мәселесін талқылайды. Осы орайда экономикалық өсім және инвестицияларды ынталандыру жайы сөз болады. Ал саммиттің қорытындысы бойыншы биылғы жиынның төрағасы, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді.