— Біз Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жан-жақты, тексеруге болатын және тұрақты келісімге әкелетін келіссөздерді қайта жандандыруды қолдаймыз, — делінген дипломатиялық ведомство басшыларының бірлескен мәлімдемесінде.
Министрлер барлық тарапты «аймақтың тұрақсыздануын ушықтыруы мүмкін әрекеттерден аулақ болуға» шақырды.
Сондай-ақ Иранның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы ел ретінде қалуы тиіс екені атап өтілді.
G7 елдерінің сыртқы істер министрлері Израиль қауіпсіздігін қолдайтындарын растады.
— Біз Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға берілгендігімізді растаймыз, — делінген мәлімдемеде.
Айта кетелік Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарынан кейін Иранның Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтастығы бұрынғыдай жалғаса алмайтынын мәлімдеген еді.