Euronews хабарлағандай, бейресми кофе сұхбаты кезінде Италия премьер-министрі Джорджия Мелони G7 әріптестерімен маңызды жеке жаңалықтарымен бөлісті. Ол темекіні толықтай тастағанын айтты.
Италия премьер-министрінің мәлімдемесі қызу реакция тудырды және күтпеген жерден әлем көшбасшылары арасында салауатты әдеттер туралы пікірталасқа ұласты.
Мелонидің бұл әңгімедегі басты қолдаушысы Еуропалық Кеңес төрағасы Антонио Коста болды. Еуропалық жоғары лауазымды шенеунік Италия премьер-министрінің шешімін қолдап, өзінің де 21 жыл бұрын темекіден бас тартқанын мақтанышпен атап өтті.
Брюссельдегі мәліметтерге сәйкес, мұндай бейресми сәттер «кулуарлық дипломатияда» маңызды рөл атқарады.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Италия премьерін салауатты өмір салтын таңдаған шешімімен құттықтаған.
Тедрос Аданом Гебрейесус темекіні тастауды ойлап жүргендерге ДДҰ арнайы ұсыныстар мен нұсқаулықтар ұсынатынын, олардың дұрыс жолдан таймауға көмектесетінін айтқан.
Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони жайлы білгіңіз келсе, мына сілтемеден оқи аласыз.