G8 саммитінде сыртқы істер министрлері солтүстіккорейліктердің зымыран ұшыруын айыптады

АСТАНА. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның Триест қаласында кездесулері өтіп жатқан «Үлкен сегіздік» елдерінің сыртқы істер министрлері зымыранды сынағаны үшін Солтүстік Кореяны айыптады және мемлекетті келіссөзге шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.

«Зымыранды сынауға қатысты айыптау»  туралы «үлкен сегіздік өз ұстанымын білдірді», деген Италия Сыртқы істер министрі Франко Фраттини КХДР басшылығын ядролық бағдарлама жөніндегі алты тарапты келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.