Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.
Алан Тиегер, босниялық сербтердің бұрынғы басшысының аталмыш геноцид актін жасағаны үшін жауапкершіліктен бас тартуы, Караджичтің фактілерден бұлтара алмайтынын түсініп отырғанын көрсетеді, деп мәлім етті.
Ал Радован Караджичтің өзі сот залына келуден бас тартуда.
Сребреница қаласында мыңдаған мұсылманның өліміне әкелген қанды оқиға 1995 жылдың шілде айында болған еді. Ол кезде босниялық сербтер күштерінің бас қолбасшысы болған Радован Караджич пен әзірге әділ соттан бой тасалап жүрген генерал Ратко Младич Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада жасалған ең қанды қылмыс үшін жауапты деп саналады.