АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қыркүйектің 3-і мен 4-і аралығында Гаагада ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Кнут Воллебектің қолдауымен ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі тақырыбында семинар өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинар жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан мен Нидерланды мемлекеттік органдарының және ЕҚЫҰ институттарының өкілдері қатысады. Ресми өкілдің айтуынша, семинар барысында қазақстандық делегация тәжірибе алмасу мақсатында Фрисланд Академиясында (Луварден қаласы) болып қайтпақ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.