Ғабидулла Оспанқұлов Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
16:10, 01 Қыркүйек 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.