Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 63-ші маусымын алдағы жексенбіде аяқтайды

АЛМАТЫ Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Жанар Шағалақова/ -  Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 63-ші маусымын жексенбі күні «Ақан сері-Ақтоқты» қойылымымен аяқтайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

         Ғ. Мүсіреповтің трагедиялық  бұл   туындысының  тұсаукесері маусымның 27-сі мен 28-і күндері өтеді. Қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Жанат Хаджиев. Онда басты рөлдерді - Бейбіт Қамаранов (Ақан сері), Мөлдір Қонысқызы (Ақтоқты), Сағызбай Қарабалин (Хазірет), Әсет Иманғалиев (Жалмұқан), Сафуан Шаймерденов (Сердәлі), Сағат Жылгелдиев (Қонқай), Сәкен Рақышев (Мылқау), Бақыт Тұшаев (Сейіт) және тағы басқа да  өнер шеберлері сомдайды. Қойылымның суретшісі Қанат Мақсұтов пен Серікқан Омаров, музыкасын жазған Ақтоты Райымқұлова.