Гаджеттер пайда болғалы ағылшындар аз ұйықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Ofcom медиа-зерттеу орталығының деректері бойынша, ағылшындар түрлі мультимедиялық құрылғыларға көп уақыт бөліп, ұйқыларын қандыра алмай жүрген көрінеді, деп жазады жергілікті БАҚ.

Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, ересек британдық күн сайын гаджетке орташа 8 сағат 41 минутын жұмсап, ұйықыға одан сәл аз уақыт қалдырады екен.

Сонымен қатар, олар теледидар алдында да біраз уақытын жоғалтады, деп жазады ақпарат көзі.

Күнделікті радио мен теледидарға ағылшындардың 4 сағаты кетеді. Зерттеу деректеріне сенсек, ағылшындар кітап оқу жағынан да алда келеді екен.