Гаэль Тавамба - «Қайраттың» ойыншысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Камерун футболшысымен арада 1+2 сызбасы бойынша келісімшартқа қол қойылды. Енді Гаэль Тавамба алматылық «Қайраттың» сапында 20 нөмірімен ойын алаңына шығатын болады, деп хабарлады Спорт.кз.

Оның спорттық мансабы камерундық «Юнион де Дуала» клубында басталған. Бес жыл ішінде Гаэль африкалық клубта ойын көрсетті, содан кейін Тавамба словакиялық «Нитра» ойыншысы болған. Одан кейін шабуылшының қоржынында «Ружомберок» және сириялық «Әл-Ахли» клубтарындағы ойындары бар. Онда Гаэль әскери іс-қимылдар салдарынан жарысқа қатыса алмады.

2015 жылы ол словакиялық «ВиОн» клубымен келісімшартқа қол қойды. Онда ең көп гол соққан ойыншы атанды.