Гагарин кубогы финалында «Лев» пен «Металлург» командалары күш сынасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Құрлықтық хоккей лигасының Гагарин кубогы финалында прагалық «Лев» пен магнитогорлік «Металлург» командалары күш сынасады.

Бұл жұп шығыс конференциясының жартылай финалында «Металлург» «Салават Юлаев» клубын бесінші ойында 1:0 (сериядағы есеп 4:1) есебімен жеңген соң белгілі болды.

Бір күн бұрын «Лев» хоккейшілері Прагадағы жартылай финалдың бесінші матчында ярославтық «Локомотивті» 3:2 есебімен (сериядағы есеп 4:1) ұтты.

Айта кету керек, чех хоккейшілері ҚХЛ-дағы дебютанттар және олар құрлықтың басты ойындарының финалына жеткен тұңғыш ресейлік емес команда ретінде турнирдің тарихына енді.

Финалға шыққан қос команда бірінші ойындарын 18 сәуірде Магнитогорскіде өткізеді. Ойындар төрт жеңіске дейін созылады.