Гагариннің көкнәрдің дәніне салынған ең кішкентай суреті ғарышқа жіберілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юрий Гагариннің 80 жылдығына орай Владимир Анискин атты ресейлік суретші 11 микроскопиялық туынды жасап шығарып, оны «микромузейге» орналастырды. Жақында олар орбитаға жіберілмек, деп жазады lifenews.ru.

«Бұл дүниедегі ең кішкентай және тұңғыш ғарыштық музей. Оның салмағы 246 грамм», - дейді Владимир Анискин.

Өнерпаз ғарышкердің суретін көкнәрдің, күріштің және бидайдың дәніне бейнелепті. Бұл портреттерді Владимир Анискин 3 жыл салған. Мамыр айындағы мерекелерден кейін микросуреттер Росғарышқа жеткізіледі, одан кейін ХҒС-ға жіберілмек.