Бәссауданы Auctionata аукцион үйі өткізді - бұл нөмірі 69-шы лот, көлемі 5,8х4,3 сантиметрлік кішкентай ғана металл сынығы. Лоттың бастапқы бағасы үш мың еуро болып белгіленген болатын.
Аукционның өзі Soviet Space Memorabilia деп аталады. Барлық 104 лот суретші Андреас Хогенің жеке жинағына жатады. Хогенің сахналық лақап аты - Андора. Осы ГДР суретшісі 1992 жылы Байқоңырда «Протон» зымыранын безендіруге қатысқан болатын. Ол кезде West темекі компаниясы жоба демеушісі болды, зымыранды Хогемен бірге суретші Юрий Лейдерман безендірді.
Хоге зымыран корпусына Гагариннің портретін салды, зымыранның жоғарғы бөлігіне жазушы Шыңғыс Айтпматовтың сөздері жазылды.
Хоге көп жыл бойы Ресейде тұрды, ол ғарышкер Владимир Жәнібековпен достық қатынаста болды, бірнеше жыл бойы өзінің коллекциясын жинады. Енді ол бірқатар заттарын саудаға шығарып, бірнеше затты ғана өзінде қалдырмақ. Соның ішінде өзінің ғарышкер дипломы да бар. Сауда онлайн-режимінде өтуде, аукцион үйінің экранына интернет арқылы коллекционерлерден сауалдар түседі. Арнайы студияда аукцион үйінің қызметкерлері келіп түскен ұсыныстарды өңдейді. Лоттың ішінде итке арналған скафандр да бар, ол төрт мың еуроға бағаланған еді, бірақ та оны Франциядан бір коллекционер 14 мың еуроға сатып алған.