Гаити жағалауларында кеме суға кетіп, 20 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаитидің солтүстігінде мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС агенттігі жергілікті азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасай отырып.

Суға кеткендердің мүрдесі Ле-Борнь қаласы маңындағы жағалаудан табылған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар Кариб теңізіндегі Теркс, Кайкос аралдарына жетпек болған мигранттар. Алайда, теңіз бетінде толқын тұрып, кеме қайта қайтпақ болған. Сол кезде аударылып қалған болуы мүмкін. Оқиғадан аман қалғандар туралы ақпарат жоқ.