Ал жалпы індетке шалдыққандардың саны 3 мың 15 адамға жетіп отыр. Дегенмен, шенеуніктің айтуынша, елдегі жағдай біршама тұрақтанып келеді, себебі соңғы тәуліктерде обаның жаңа бірнеше оқиғасы ғана тіркелген, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Мамандар жылдың басындағы қуатты зілзаладан зардап шеккен адамдар тұрып жатқан Гаити елордасындағы лагерьлерге инфекцияның ену ықтималдығына қатты алаңдап отыр.