Обаның алғашқы ошақтары былтыр қуатты зілзала болған ел орталығы - Порт-о-Пренс қаласына жақын жердегі Артибонит департаментінде тіркелген. Таза ауыз судың жоқтығы онсыз да күрделі жағдайды ушықтырып отыр. Қазір Гаити елордасында 2,4 миллионға жуық адам антисанитариялық жағдайда өмір сүріп жатыр.
13:10, 23 Қазан 2010
Гаитиде оба ошағы 200-ге жуық адамның өмірін қиды
АСТАНА. Қазанның 23-і. Қазақпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, оба індеті Гаитиде 194 адамның өмірін қиып отыр. Елде бұл қатерлі індетке 2 мың 364 адам шалдыққан. Бұған дейінгі ақпараттарда 150 адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын, деп хабарлайды РБК агенттігі.