Агенттік хабарлағандай, полиция тергеу жүргізуде, оқ атқан оққағар қамауға алынды. Қайғылы оқиғаға куә болған жеті адамнан жауап алынуда.
Өз кезегінде палата депутаттары атқарушы биліктен Политтің өліміне тергеу жүргізетін жеке тәуелсіз комиссия құрды.
Сонымен бірге қаза тапқан депутаттың бірнеше саяси жақтастары оның әдейі өлтірілгенін мәлімдеп үлгерді.