Зілзала болған кезде әлгі жігіт базарда жүрген. Қазір ол госпитальде жатыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.
Гаитиде қаңтардың 12-сінде қатты жер сілкінісі тіркелген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзала салдарынан 200 мыңнан астам адам қаза тапты. Үйінділердің астынан күн сайын адам денелері табылуда. 3 миллионға жуық гаитилік апат салдарынан зардап шегіп отыр.