«БҰҰ Бас хатшысы қауіпсіздік жағдайының күрт нашарлауы кезінде тырысқақ індеті орын алған Гаитидегі жағдайға қатты алаңдайды», - делінген БҰҰ басшысының атынан сөйлеген оның баспасөз хатшысының сөзінде.
Оның сөзіне қарағанда, Варрадағы жанармай терминалының бұғатталуына байланысты Гаитидің көптеген аудандарында аурудың тез таралуын болдырмау үшін маңызды қызметтер тоқтатылған.
«Ауыз суды жеткізу тоқтатылды. Гаити халқының ең осал топтары тағы да қатты зардап шегеді. Адам өмірін құтқару бірінші кезектегі міндет болуы керек», - деді Антониу Гутерриш.
Фото: news.un.org