Көлік апатына тасымал құралы жүргізушісінің көлікті басқара алмағандығы себеп болды. Күндізгі уақытта болған қайғылы оқиға құрбандары әсіресе жолдың жиегіндегі көше саудагерлері мен жаяу жүргіншілер болды. Сонымен қатар, тағы 15 адамның зардап шеккендігі хабарланды. Олардың барлығы ауруханаларға жеткізіліп, кейбірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
09:36, 12 Маусым 2017
Гаитиде жүк машинасы көшеде 12 адамды басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кавайон қаласындағы (Гаити) жүк машинасының бір топ адамды қағуы салдарынан ең кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі куәгерлерге сілтеме жасап.