Гаитидегі су тасқынынан 12 адам көз жұмды

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Гаитиде болған су тасқыны кем дегенде 12 адамның өмірін алып кетті, деп хабарлайды елдің азаматтық қорғанысының басшысы Мари Альта Жан-Батистке сілтеме жасаған Утро.ру агенттігі.

Ел астанасы Порт-о-Пренсе қаласында кем дегенде он адам көз жұмды, бұл жерде жексенбі күні қаланы қоршаған таулардан су тасқыны жүріп өткен. Ал Порт-о-Пренсенің батысында жыл басындағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға арналған лагердегі екі бала лай көшкінінің құрбаны болды.