Гаитидегі жол апатынан 23 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 50-ге жуық жолаушысы бар жүк көлігі Гаитидің оңтүстік-батысының маңында аударылды. Салдарынан 23 адам мерт болды. Жергілікті госпитальға 20-дан астам жараланған адам жеткізілді, зардап шеккендердің арасында 10 адамның жағдайы өте ауыр.

Апаттың орын алуына көлікке жүктің көп тиелгені болуы мүмкін, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Көлікте сонымен бірге, азық-түлік те болған.

Статистика бойынша, бұл елде ЖКО - жиі қайталанатын құбылыс. Ол жол сапасының нашарлығы және көлік құралдарының апаттық жағдайда екендігін және жүргізушілердің жол тәртібін сақтамауына байланысты орын алады.