Өзін өмір бойы президент деп жариялаған Дювалье көтеріліс салдарынан тақтан тайдырылған болатын. Ол 25 жыл бойы қуғында болып, Aранцияда өмір сүрді.
2011 жылы экс-диктатор Гаитиге қайтып оралды. Ол елді 19 жасында диктатор-әкесі Франсуа Дювальеден «мұраға» алып, басқарған еді. Оған жұрт дәрігер болғандықтан «Папа Док» деген атақ берді.
Өз кезегінде Жан-Клод «Бэби Док» атанды. Ол әлемдегі ең жас президент болды және елді 1971 жылдан бастап 15 жыл бойы басқарды. Оның кезінде елде диктатура әкесіне қарағанда аздап жұмсарды.