Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
Агенттік мәліметтері бойынша, оқиға Гаитидің солтүстігіндегі Аркахай елді мекенінде болған.
Осы елдің Әділет министрі Камилле кіші Эдуардтың хабарлауынша, қамауда отырғандардың бірі түрменің қабырғасына шығып кетіп құлап, мерт болды. Қашқындар түзеу колониясынан атыс қаруын алып кеткен.
«Оқиғаның салдарынан бір күзетші мерт болды», деп мәлімдеді министр. Оның сөзінше, екі күзетші дене жарақатын алған.
Билік өкілдері сотталғандарды БҰҰ-ның бітімгерлік күштерінің көмегімен іздеуге кірісті.