Ғаламдық жылыну қауіпті бактерияны көбейтіп отыр

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Климаттың өзгеруі Еуропаның солтүстігінде жұқпалы ішек ауруларын өршітетін бактерияның күрт көбеюіне ықпал етіп отыр.

Еуропалық және америкалық ғалымдардың бұл туралы зерттеуі Nature Climate Change ғылыми басылымында жарияланды.

Reuters-тің хабарлауынша, Бал­тық теңізі аумағында Vibrio бактериясының қаптағаны белгілі болды. Ұлыбри­тания, Финляндия, Испания және АҚШ ғалымдарынан құралған комис­сия микроағзалар­дың тарауына теңіз ауданында ауа температурасының тым жоға­рылауы себеп болғанын анық­тады. Бактериялардың бұл тобының өкілдері тырысқақ пен гастро­энтерит ауруларын туғызады. Олар теңізге шомылған немесе теңіз өнімдерін қолданған адамдар арқылы тарауы ықтимал. Мамандардың айтуынша, ауа температурасының бір градусқа көтерілуі Vibrio бактериясы қатарын 200%-ға көбейе түседі. Қазіргі уақытта климаттың өзгеруінен өршитін қауіпті бактерияның Чили, Перу, Израиль, АҚШ аумағынан да анықталғаны белгілі болып отыр.

Алаш айнасы