Нәтижелерді жариялау сәл болмағанда жанжалға ұласа жаздады. Байқау жүргізушісі жеңімпазды жариялағанда, «Ғаламшар аруы» ретінде қателесіп колумбиялық 21 жастағы Ариадна Гуттьересті атаған. Алайда оның басына тәжді кигізгеннен кейін конферансье конвертте берілген есімді қате оқығандығын мәлімдеп, кешірім сұрады.
10:10, 21 Желтоқсан 2015
«Ғаламшар аруы-2015» титулын жариялау кезінде жүргізуші қателесіп тәжді басқа аруға кигізген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин өкілі 26 жастағы Пиа Алонсо Вуртцбах «Ғаламшар аруы - 2015» титулының иегері атанды. Бұл туралы жексенбі кешке америкалық Лас-Вегаста (Невада штаты) сұлулық байқауы финалының қорытындысы кезінде хабарланды, деп жазады ТАСС.