деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жалпы осы мигранттардың 740 миллионын мемлекет ішіндегі көшіп-қонушылар құрайды екен. Яғни, олардың саны халықаралық мигранттардың санынан 4 есеге артық. 70 миллионға жуық халықаралық мигранттар дамушы елден дамыған елге, ал көпшілігі дамушы немесе дамыған мемлекеттер арасында қоныс аударады. Баяндамада келтірілген деректерге қарағанда, мигранттардың 48 пайызын әйелдер құрайды. Бұл сан 1960 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр.
2010 жылы дамыған елдерге мигранттар тасқыны артады деп күтілуде. 1960 жылы Солтүстік Америкадағы, Еуропадағы және Парсы шығанағындағы мигранттар үлесі 18,4, 19,6 және 0,3 пайыз болса, 2010 жылы сәйкесінше 26,6, 26,4 және 8 пайызға артады деп болжанып отыр.
Баяндама авторлары ғаламшардың миллиондаған тұрғындарының өмірін жақсартып, бостандық деңгейін көтеретін халықаралық және мемлекетаралық көші-қон ісінің мүмкіндіктерін арттыратын, сонымен қатар көші-қон саясатындағы қажетті реформалардың жинағын ұсынған.