«Ғаламшарды қозғайық» акциясына биыл Қазақстанның 24 қаласы қатысады

None
МАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 24-і күні әлемнің 180 елінде «Ғаламшарды қозғайық» акциясы өтеді. Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бұл туралы «Тазалықты мұра етейік» желісінің жетекшісі Дәурен Қайсаров айтты.

«Жыл сайын әртүрлі ұранмен өтіп келе жатқан экологиялық бұл акцияға Қазақстан 2009 жылдан бері қатысып келе жатыр. Биылғы жылы ол «Ғаламшарды қозғайық» деген атпен өтпек. Оның мақсаты - халықаралық қауымдастықтың назарын экологиялық мәселелерге аудару болып табылады. Өйткені климатың өзгерісі жылдан-жылға күрделеніп келе жатыр», - дейді Д. Қайсаров.

Бұл акция алғашқы жылдары Алматы, Қарағанды тәрізді санаулы қалаларда ғана өткізілген болатын. Биыл оған Қазақстанның ең ірі 24 қаласынан 30-35 мың адам қатыспақ. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шарны ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен «Тазалықты мұра етейік» ұлттық желісі, Байга.кз спорттық бірлестігі және Билайн байланыс операторы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Дәурен Қайсаровтың сөзіне қарағанда, бұл акцияның әдеттегі сенбіліктерден басты айырмашылығы - қоршаған ортадағы шашылып жатқан қалдықтарды сұрыптап жинап, қайта өңдеу орындарына жеткізу. Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен арадағы келісім бойынша жергілікті атқару органдары қалдықтарды тасуға арнайы көліктер бөлмек.