Соңынан белгілі болғандай, ол өмірінде қарды бәсеке басталар алдында, бес сағат бұрын ғана көрген. Бұған дейін Венесуэлада роликті шаңғымен ғана жаттыққан. Ол Финляндияға ертерек келуге әрекет жасаған, бірақ Парижде басқа ұшаққа отырар алдында оның қалтасында 20 еуро ғана қалады. Адриан Соланоның шаңғы жарысына бара жатқандығына ешкім сенбей,оны Венсуэлаға қайтарып жіберген. Нәтижесінде жолға шығуына ақшасы болмаған жігітке көпшілік интернет арқылы қаржы жинап берген.
Финляндияға Солано тура чемпионат басталар алдында ұшып келді. Ол небәрі 10 шақырымға да жете алмай, жарыс жолынан шығып қалды.