Ғаламтор арқылы ақпарат алмасуда «бұлтты технология» ең жаңасы болып саналады - Зауытбек Құралбаев

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы энергетика және байланыс университетінің компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Зауытбек Құралбаевтың айтуынша, ақпарат алмасудағы «бұлтты технология» көптеген оқу оқу орындары үшін үлкен жаңалық болып отыр.

.«Ақпарат алмасу қазіргі кезеңде ең көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Көп жағдайда ақпарат алмасуда қолда бар техниканың не бағдарламалық жабдықтардың мүмкіншіліктері шектелген. Сондықтан ғаламтор арқылы ақпарат алмасуда «бұлттық технология» ең жаңа болып саналады. Бұл білім саласына енді ғана кіріп жатыр. Сол себепті көптеген оқу орындарында ол туралы әлі дұрыс ақпарат та жоқ», - деді З. Құралбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан «Білім беру саласындағы бұлтты технология» атты конференцияда.

«Майкрософт Қазақстан» компаниясы ұйымдастырған бұл конференцияға 120-ға жуық жоғары оқу орындарының ақпараттық технология факультетінің оқытушылары мен студенттері және өзге де мамандары қатысуда. Ғалымдардың айтуынша, бұл осы осы тақырыпта ұйымдастырылып отырған үшінші шара болып отыр.