Ғаламтор арқылы немере сатып алмақ болған әйел қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ полицейлері ғаламтор арқылы немере сатып алмақ болған 47 жастағы америкалықты ұстады, деп хабарлады Daily Mail.

АҚШ тұрғыны Элейн Виллиамс Craiglist порталында сәби сатып алатыны жөнінде хабарландыру жариялады. Кейін ол бала оның 14 жасар қызына арналғанын айтты.

Ресурс әкімшілігі бұл хабарландыруды біраздан соң жойды. Алайда пайдаланушылардың бірі экранды фотоға түсіріп үлгерген және оны полицейлерге жіберген.

Атап өту керек, хабарландыруды оқып сәбиін сатпақ болғандар табылды. Құқық қорғаушылар олардың ізіне түсіп, арнайы операция өткізді. Нәтижесінде әйел ұсталды.

Енді Элейн Виллиамс пен оның қызына жарнама ережесін бұзды және жұртты бала саудасына үндеді деген айып тағылды.