Екі жас ғаламтор арқылы танысып, шынайы өмірде кездеспек болады. Ал кездесу төбелеске ұласқан. Видеода көрсетілгендей, қыз кездесуге келген жігітке түр-әлпеті суреттегідей емес деп айқайлап, сөмкесімен ұра бастайды. Жігіт те қарап қалған жоқ, жиналған қауымға кездесуге шақырған қыздың фотосын көрсетіп әлек. Соңында ашуланған жігіт қызды итеріп құлатып, жайына кетіп қалады.