Осыған орай, ислам зерттеу орталығының төрағасы шейх Тофик Абдель-Азиз Құран аяттарын ғаламтордан оқитындарға өте мұқият болуды ескертеді. Жалған аяттарға жолықпас үшін шейх Тофик мемлекеттік тіркеудегі «әл-Азхар» веб-порталының, дін министрлігінің немесе ««Дар уль-Ифта» сияқты шариғат ордаларының сайттарына сілтеме көрсете келіп, осы сайттардан Құран аяттарының сенімді нұсқасын табуға болатынын жеткізді. Ол сондай-ақ, діни сайттардың тізгінін ұстаған редакторларды осы мәселеге қатысты абай болуларын ескертті.
Қасиетті Құранның бұрмаланған мәтінін алдымен әлеуметтік желіні пайдаланатындар байқаған екен. Нақтырақ айтқанда, «әл-Имран» сүресінің 7-ші аятында «әл-Хақ» (Ақиқат) сөзі кездескен. Қасиетті Құранда бұл сөз жоқ.